ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 наурыз 2017 11:07
Қырғызстанда "Хизб ут-Тахрир" ұйымының белсенді мүшесі ұсталды
Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті "Хизб ут-Тахрир әл-Ислами"* ұйымының белсенді мүшесін тұтқындады, - деп хабарлайды ТАСС елдің МҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Астыртын экстремисттік әрекеттердің алдын алу бойынша Ішкі істер министрлігімен біріге өткізген шаралар барысында "Хизб ут-Тахрир" ұйымының мүшесі ұсталды", - делінген хабарламада.
Мұның алдында Ресейде арнайы операция кезінде "Хизб ут-Тахрир әл-Ислами" ұйымымен байланысы бар төрт адам тұтқындалған болатын.
"Хизб ут-Тахрир әл-Ислами"* - Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған ұйым.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу