Қырғызстандық кәсіпкерлер кеденшілерге пара беруін доғарар емес

© Кorupciya.com

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында кеденшілер әлі де пара алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Дордой" базары кәсіподағының төрағасы Дамира Дооталиеваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазақстандық шекарашылар пара алады. Қырғызстан СІМ мәселені шешу үшін қазақстандық тарапқа өтініш жолдады. Сонымен қатар, экономика министрі Олег Панкратов параны ЕАЭО аясындағы жұмысты түсінбейтін кәсіпкерлер беріп отырғанын айтты.

"Қазіргі уақытта шекарада баж салығы алынбайды. Тауарды елге кіргізу және шығару талондары ғана толтырылады. Біздің кәсіпкерлер жүктерін тезірек өткізу үшін өздері ақша ұсынады", - деді Олег Панкратов.

Реклама
Реклама

Қырғызстан экономика министрі тілшілермен кездесу барысында Қазақстан шекарадағы ветеринарлық бақылауды таяуда доғармайтынын айтты. Себебі Қазақстан аусылдың кез келген облыста пайда болуынан қауіптенеді. Өз кезегінде Қазақстан елде малды сою және өсіруге қолайлы жағдай жасау үшін көп қаражат жұмсады. Сондықтан да Қырғызстанда еттің сапасын тексеретін заманауи зертханалар ашылғанға дейін ветеринарлық бақылау доғарылмайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама