Қырғызстандық Түркиядағы терактіге қатысы бар екені жайлы мәліметті жоққа шығаруды талап етті

© РБК

?ыр?ызстанды? Яхье Машрапов Т?ркияда?ы терактіге ?атысы бар екені жайлы м?ліметті? жо??а шы?арылуын талап етіп отыр, - деп хабарлайды РБК басылымы.

Қырғызстандық Яхье Машрапов Түркиядағы терактіге қатысы бар екені жайлы мәліметтің жоққа шығарылуын талап етіп отыр, - деп хабарлайды РБК басылымы.

Ыстамбұлда түнгі клубқа шабуыл жасады деген күдікпен ұсталған Яхья Машрапов түрік БАҚ-тарынан оның терактіге қатысы бар жайлы тараған мәліметтерді жоққа шығаруын талап ететінін мәлімдеді.

"Түркияның ақпарат құралдарын сотқа берейін деп жатқан жоқпын, бірақ мені жаман атқа қалдырған мәліметтерді жоққа шығаруларын талап етемін", - деді қырғызстандық Яхье Машрапов "Интерфакс" басылымына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін қырғызстандықтың кінәсін мойындамай отырғаны хабарланған болатын. Машрапов 31 желтоқсанда Қырғызстанда болғанын және сәйкесінше оның терактіге қатысы жоқ екенін айтты. Машраповтың айтуынша, ол паспортының суреті Интернетте қалай пайда болғанын да білмейді.

Еске салайық, 1 қаңтарда Ыстамбұлдағы Reina клубына шабуыл Жаңа жыл түні жасалған болатын. Санта Клаус болып киінген лаңкес автоматпен полицейді атады да, 700-дей адам болған мекемеге кіріп, ата бастайды. Соңғы мәліметтер бойынша, 39 адам қаза тапты және 69 адам зардап шекті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама