Қырғызстанның арнайы қызметі шекарада теракт ұйымдастырмақшы болған топты ұстады

?ыр?ызстанны? арнайы ?ызметіндегілер шекара ма?ында?ы аума?тарда теракт жасама?шы бол?ан халы?аралы? террористік ?йымны? м?шелерін ?стады, - деп хабарлайды Zanoza.kg басылымы ?ыр?ызстанны? ??К баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның арнайы қызметіндегілер шекара маңындағы аумақтарда теракт жасамақшы болған халықаралық террористік ұйымның мүшелерін ұстады, - деп хабарлайды Zanoza.kg басылымы Қырғызстанның ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Терроризмге қарсы жүргізілген шаралар барысында Қырғызстан азаматтарынан тұратын халықаралық террористік ұйымның әрекетіне тосқауыл қойылды. Халықаралық террористік ұйым мүшелерінің қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандарыру мақсатында жарылғыш заттар мен қарулар арқылы шекара маңындағы аумақтарда террристік актілер ұйымдастырмақшы болғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осы дерек бойынша тергеу органдары "Террористік актіге дайындалу", "Террористік әрекетті қаржыландыру", "Террористік ұйым құру", "Оқ-қарулар мен жарылғыш заттары заңсыз иелену, оны сақтау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ұсталғандар Қырғызстанның ҰҚК уақытша тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама