Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі ұсталды

© azattyk.org

?ыр?ызстанны? б?рын?ы премьер-министрі Сапар Исаков ?амау?а алынды. Б?л туралы ?ыр?ызстан Мемлекеттік ?лтты? ?ауіпсіздік комитетіні? баспас?з ?ызметі хабарлады.

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков қамауға алынды. Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"2018 жылдың 5 маусымында Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковқа қатысты таңдалған бұлтартпау шарасы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына өзгерді", - делінген хабарламада.

"Бұл әділетсіздік, сөз жоқ", - деді Исаков журналистерге.

Реклама
Реклама

29 мамырда қылмыстық іс аясында экс-премьерге елден кетпеу туралы қолхатпен жүру бұлтартпау шарасы қабылданған. 

Сондай-ақ, Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Бішкектің бұрынғы мэрі, Кеден қызметінің экс-басшысы Кубанычбек Кулматов қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Кубанычбек Кулматов. © Sputnik Қыргызстан

Еске сала кетейік, Сапар Исаков парламенттің шешімімен қызметінен кеткен болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама