Қырғызстанның экс-премьерінің ұлына жаза кесілді

Алтынбек Мұралиев. © Tengrinews.kz

Бішкектің Первомай аудандық соты елдің бұрынғы премьер-министрі Амангелді Мұралиевтің ұлы Алтынбек Мұралиевке қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алтынбек Мұралиев "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оның дүние-мүлкі тәркіленді. Алтынбек Мұралиев жазасын күшейтілген режимдегі түзету колониясында өтейді.

Айта кетейік, Алтынбек Мұралиев Қырғызстан үкіметі аппаратының халықаралық ынтымақтастық бөлімінде меңгеруші болып жұмыс істеген болатын. Ол 2014 жылдың 4 қарашасында ұсталды. Сот процесі жабық режимде өтті. Оған "қызметтік құпия болып есептелетін мәліметтерді шетелдік компанияларға берді" деген айып тағылды. Оның нақты қай елдің тыңшысы болғаны мемлекеттік құпияға сәйкес хабарланған жоқ.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама