Қырғызстанның экс-президенті Ақаевтың Германиядағы жерлестерімен кездесуі даумен аяқталды

?ыр?ызстанны? экс-президенті Ас?ар А?аевты? Германияда?ы жерлестерімен кездесуі даумен ая?талды, - деп жазады Kaktus порталы.

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың Германиядағы жерлестерімен кездесуі даумен аяқталды, - деп жазады Kaktus порталы.

Порталдың мәліметінше, KyrgyzClub-Germany кездесуі бейресми түрде өткен. Бірақ Асқар Ақаев сөз сөйлей бастағанда барлығы әдейі оның сөзін бөле бастаған. Сондықтан бірнеше минут өткен соң Ақаев ол жақтан кетуді жөн көріп, халықтың сұрақтарына жауап беруден бас тартады.

Алайда барлығымен қоштастасқан соң белгісіз бір ер адам Қырғызстанның экс-президентіне қарай жұмыртқа лақтырып жіберген. 

Реклама
Реклама

Ақаевтың қызы Бермет Ақаева өз кезегінде осыны жасаған ер адамның жанына барып, неліктен осылай жасағанын сұрап, оның бұлай істеуге еш құқығы жоқ екенін айтқан. Артынша екеуінің арасында жанжал шығып, Бермет Ақаева сөмкесімен ер адамды бірнеше рет ұрып жіберген.

Tengrinews
Автор сұрағы
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама