Қытайда 100-ден аса адам көшкін астында қалып қойды

?ытайда?ы Сычуань провинциясында 100-ден аса адам к?шкінні? астында ?алып ?ойды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті CCTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Қытайдағы Сычуань провинциясында 100-ден аса адам көшкіннің астында қалып қойды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті CCTV телеарнасына сілтеме жасап. 

Бар мәліметтерге қарағанда, көшкінге тоқтаусыз жауып жатқан жаңбыр себеп болған. Бұл оқиға сенбіде шамамен таңғы сағат 06.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 04.00-де) болған.

Шамамен 40 үй көшкіннің астында қалған. 500 адамның қатысуымен өтіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары әзірше еш нәтиже берген жоқ.

Реклама
Реклама

Бастапқыда көшкіннің астында 100-ден аса адамның қалып қойғаны хабарланған болатын, алайда кейінірек жергілікті БАҚ-тар адам саны 200-ге жетуі мүмкін екенін айтқан еді.

Оқиға орнында құтқарушылар, өрт сөндірушілер, дәрігерлер мен техника жұмыс істеп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама