Қытайда авиашоу кезінде ұшақ құлап, төрт адам қаза тапты

Қытайда авиашоу кезінде ұшақ құлап, төрт адам қаза тапты © obozrevatel.com

Қытайдың Шицзячжуан қаласында жеңілмоторлы "Сяоин-500" ұшағы авиашоу кезінде жерге құлады, -деп хабарлайды L!fe. Апат салдарынан ұшақ ішінде болған төрт адам қаза тапты.

Қытайдың халықаралық радиосының мәліметінше, ұшақ ұшу-қону аймағынан алыс емес жерге, жүгері плантациясына құлаған. Авиашоуды тамашалауға келген адамдар зардап шекен жоқ. 

Төтенше жағдай орнында медициналық қызметкерлер, полиция және құтқарушылар жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама