Қытайда автобус өртенді: 30 адам қаза тапты

Қытайда автобус өртенді: 30 адам қаза тапты © China Xinhua News

Қытайдағы Хунан провинциясында жол-көлік оқиғасына ұшыраған туристік автобустан өрт шығып, кем дегенде 30 адам ажал құшты, - деп хабарлайды Синхуа.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 10.20-да болған. Көлікте 56 адам болған. Автобус Ичжан уезіндегі автожолдың қоршауына соғысқан. Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт көлік майының ағып кетуінен шыққан. 

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, 21 адамның емханаға жеткізілгені хабарланып отыр. Құтқарушылар автобустың қалдықтарын зерттеп жатыр. Ал жүргізушіні полиция ұстаған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама