Қытайда автобус опырылған жерге түсіп кеткен. Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.
Оқиға 13 қаңтарда кешкі уақытта Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Синин қаласындағы Қызыл Крест ауруханасының маңында болған.
Оқиға орнында түсірілген видео Желіде жарияланды. Онда автобустың аялдамада тоқтап жатып, әп-сәтті асфальт опырылып, шұңқырға түсіп кеткенін көруге болады.
Басқа бір видеода құтқару шаралары түсірілген.
Бастапқыда 15 адамның ауруханаға түскені және 10 адамның із-түссіз жоғалып кеткені айтылған. Қазіргі уақытта құтқарушылар алты адамның мәйітін тапқан.
Іздеу-құтқару шаралары жалғасатын болады. Опырылудың себебі тексеріліп жатыр.