Қытайда автобус жер астына түсіп кеткен. Қаза тапқандар бар

Қытайда автобус жер астына түсіп кеткен. Қаза тапқандар бар

Қытайда автобус опырылған жерге түсіп кеткен. Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қытайда автобус опырылған жерге түсіп кеткен. Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға 13 қаңтарда кешкі уақытта Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Синин қаласындағы Қызыл Крест ауруханасының маңында болған. 

Оқиға орнында түсірілген видео Желіде жарияланды. Онда автобустың аялдамада тоқтап жатып, әп-сәтті асфальт опырылып, шұңқырға түсіп кеткенін көруге болады. 

Жарнама
Жарнама

Басқа бір видеода құтқару шаралары түсірілген.

Бастапқыда 15 адамның ауруханаға түскені және 10 адамның із-түссіз жоғалып кеткені айтылған. Қазіргі уақытта құтқарушылар алты адамның мәйітін тапқан. 

Іздеу-құтқару шаралары жалғасатын болады. Опырылудың себебі тексеріліп жатыр. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама