Қытайда автобустағы өрттен 14 адам жанып кетті

Қытайда автобустағы өрттен 14 адам жанып кетті © scmp.com

Елдің солтүстік-батысындағы Нинся аймағында жолаушылар автобусы кенеттен өртке оранды, - деп хабарлайды 24.kz телеарнасы Қытайдың ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Салдарынан 14 адам өртеніп, тағы 31 жолаушы жараланды. Бұл туралы Синхуа агенттігінің Twitter желісіндегі парақшасында хабарланып отыр. Жараланғандар жергілікті ауруханаға жатқызылды. Инчуан қаласында кетіп бара жатқан көліктен тілсіз жаудың шығуына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Оқиға орнында шұғыл тергеу амалдары басталды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама