Қытайда болған жарылыстардан 7 адам қаза тапты және 300 адам жарақат алды

Қытайда болған жарылыстардан 7 адам қаза тапты және 300 адам жарақат алды ©Reuters

Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь болған жарылыстардан 7 адам қаза тапты және 300 адам жарақат алды, - деп хабарлайды BBC News

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс қауіпті жүктер сақталған қоймалардың аймағында болған.

Жарнама
Жарнама

Қытайдың сейсмикалық агенттігі бірінші жарылыстың тротил эквивалентінде үш тонналық күшке ие болғанын, ал екіншісі 21 тонна болғанын хабарлады. Күшті жарылыс толқыны таяудағы ғимараттар мен көліктерді бүлдірді.

Адамдар абыр-сабырда көшеге жүгіріп шықты, кейбірі жер сілкінісі болған екен деп ойлады. 

Қаладағы бірнеше көпқабатты үй токтан ажырап қалды.

Жарылыс түсірілген видео.

Тяньцзинь Пекиннің оңтүстік шығысындағы ірі порт әрі өндіріс аймағы саналады. Қалада шамамен 15 миллион адам тұрады. 

©Reuters

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама