Қытайда ерлі-зайыпты ұшақ ұшатын алаңда төбелесті

© Youtube.com

?ытайда ерлі-зайыпты ?шып кетуі тиіс ?ша? бас?ышыны? алдында т?белес шы?ар?ан. Н?тижесінде рейс жарты са?ат?а кешіктірілген. Ал ерлі-зайыпты ?амау?а алын?ан, - деп жазады Вести.Ru.

Қытайда ерлі-зайыпты ұшып кетуі тиіс ұшақ басқышының алдында төбелес шығарған. Нәтижесінде рейс жарты сағатқа кешіктірілген. Ал ерлі-зайыпты қамауға алынған, - деп жазады Вести.Ru.

Ерлі-зайыпты арасындағы төбелес Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Куньмин қаласындағы Чаншуй әуежайында болған. Олардың арасындағы жанжал ұшақ басқышына дейін жеткізіп салған автобустан кейін басталған.

Басылымның мәліметінше, басқа жолаушылар басқышпен көтеріліп жатқанда ерлі-зайыпты төбелесе бастаған. Содан күйеуі әйелін жерге құлатып тастап, әйелі болса оның жейдесін жыртқан. Видеоны куәгерлердің бірі түсіріп алған.

Реклама
Реклама

Содан төбелес аяқталған соң ерлі-зайыпты ұшаққа мінбекші болады, бірақ капитан оларды қауіпсіздік үшін бортқа кіргізуден бас тартып, полиция шақырған.

Осылайша, ұшақ жарты сағатқа кешіктірілген. Ал төбелес шығарған ерлі-зайыпты Куньмин әуежайында қалған. Кейінірек олардың босатылғаны белгілі болды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама