Қытайда G20 саммиті ресми түрде ашылды

© russian.rt.com

?ытайды? Ханчжоу ?аласында G20 саммиті ресми т?рде ашылды. Б?л жол?ы саммитті? та?ырыбы - "Инновациялы?, ?зара байланыс?ан ж?не инклюзивті ?лемдік экономиканы? ??рылысы". Б?л туралы 24.kz Reuters агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

Қытайдың Ханчжоу қаласында G20 саммиті ресми түрде ашылды. Бұл жолғы саммиттің тақырыбы - "Инновациялық, өзара байланысқан және инклюзивті әлемдік экономиканың құрылысы". Бұл туралы 24.kz Reuters агенттігіне сілтеп хабарлайды. 

"Үлкен жиырмалық" - жаһанның экономикалық және қаржылық ынтымақтастық мәселелерін талдауға арналған басты форумдардың бірі.

"Үлкен жиырмалықтың" құрамында Австралия, Аргентина, Бразилия, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия, Франция, Оңтүстік Корея, ОАР, Жапония, ЕО елдері бар.

Реклама
Реклама

"Үлкен жиырмалық" саммиті G-20 халықаралық экономикалық және қаржылық күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелер мен аспектілер бойынша халықаралық ынтымақтастық алдында тұрған мәселелерді жұмыла талқылауға арналған халықаралық форум болып табылады.

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев G-20 Саммитіне қатысу үшін Ханчжоу қаласына барды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама