Қытайда терезеден лақтырылған шөлмек үшін бір үйдің барлық тұрғыны айыппұл төледі

© REUTERS/ Stringer

?ытайда сот к?п?абатты ?йді? 448 т?р?ынын зардап шеккен екі жаста?ы ?ызды? ата-анасына ?тема?ы т?леуді міндеттеді, - деп хабарлайды China Daily.

Қытайда сот көпқабатты үйдің 448 тұрғынын зардап шеккен екі жастағы қыздың ата-анасына өтемақы төлеуді міндеттеді, - деп хабарлайды China Daily.

Оқиға кешкі уақытта болған, қыз бала аулада ойнап жүрген. Шөлмек қыздың басына тиіп, бассүйегін сындырып жіберген. Соққыдан қыз есінен танып қалған. Ол ауруханаға ауыр халде жеткізілген. Қыздың денсаулығын қалыпқа келтіру үшін отбасы 80 мың юань жұмсаған. 

Қыздың ата-анасы шөлмекті кімнің лақтырғанын анықтау үшін біраз тер төккен, алайда ешкім мойындамағандықтан, олар осы үйде тұратын барлық 448 тұрғынның атына арыз жазған. 

Реклама
Реклама

Сот олардың әрқайсысын 360 юань (51 доллар) көлемінде өтемақы төлеуін міндеттеген. Басылымның мәліметінше, сотқа қатысқан тұрғындар осы шешіммен келіскен.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама