Қытайдың оңтүстік-батысында Сычуань провинциясының Цзыгун қалалық округында орналасқан химиялық ғылыми-зерттеу орталығында қуатты жарылыс болды. Төтенше жағдай салдарынан кем дегенде сегіз адам зардап шеккен. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
Жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасаған ТАСС детонация оттегі цехынан шыққан.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілген. Олардың жағдайы немесе қаза болуы туралы мәліметтер түспеген.