Қытайдың Тяньцзинь қаласында болған жарылыстардан қаза тапқандардың саны 42-ге жетті

© REUTERS

Қытайдың Тяньцзинь қаласында болған жарылыстардан қаза тапқандардың саны 42-ге жетті және 400 адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости. 12 тамызда кешкі уақытта логистикалық компанияның контейнер терминалында 30 секунд ішінде екі жарылыс болған. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс толқыны ондаған шақырымнан сезілді.

© REUTERS

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта тоғыз өртсөндірушінің қаза тапқаны жайлы ақпарат расталып отыр. Сонымен қатар, өрт сөндіру қызметінің 36 адамының байланысқа шықпай жатқаны хабарланды. Негізгі өрт ошағының сөндірілгені және қоймадағы заттың мөлшері мен құрамының белгісіз болуына байланысты өрт сөндіру жұмысының тоқтатылғаны белгілі болды.  

© REUTERS

Ақпарат құралдарының мәліметінше, бұл нысан тиесілі "Жухай" логистикалық компаниясының жауапты адамдары ұсталды. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.

© REUTERS

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама