Қытайлық әйел ұл тауып, алты күннен кейін егіз қыз босанған

© Razmut

?ытайды? Хэбэй айма?ында бір ?йел ?лын д?ниеге ?келгеннен кейін алты к?ннен со? та?ы да босан?ан, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті China News Service агенттігіне сілтеме жасап. 

Қытайдың Хэбэй аймағында бір әйел ұлын дүниеге әкелгеннен кейін алты күннен соң тағы да босанған, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті China News Service агенттігіне сілтеме жасап. 

Әйел адам 2012 жылы тұрмыс құрған, бірақ, ұзақ уақыт бала көтере алмай жүреді. 2016 жылдың тамызында Ухань қаласында емделеді. Осыдан кейін ол үшемге жүкті болған. 

21 ақпанда әйел 1,44 келі болатын ұл баланы дүниеге әкеледі, алайда толғағы осымен тоқтап қалған. Әйелдің дәрігері жүктілік жалғасып жатыр деген шешімге келеді. 27 ақпанда әйел тағы да босанып, егіз қыз туған. 

Реклама
Реклама

"Бала көтере алмай жүргенде сәбилі болуды армандадым. Қазір менің үш балам бар, енді не істерімді білмей дағдарып отырмын", - дейді үшемнің анасы.

Қазіргі кезде балалар жансақтау бөлімінде. Акушер жұмыс істеп келе жатқан 20 жылында мұндайды алғаш көріп отырғанын айтады. Акушердің сөзінше, әйел дизготты үшемге жүкті болған, яғни, ұл бала қыздардан бөлек шаранада жетілген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама