Қыз зорлады деп айыпталған жігіт түрмеде 18 жыл жазықсыз отырған

© life.ru

Польшада 42 жаста?ы ер адамны? 18 жыл бойы т?рмеде жазы?сыз отыр?аны аны?талды, деп хабарлады life.ru.

Польшада 42 жастағы ер адамның 18 жыл бойы түрмеде жазықсыз отырғаны анықталды, деп хабарлады life.ru.

Порталдың хабарлауынша, осыдан 18 жыл бұрын Томаш Коменда есімді жігіт 25 жылға сотталған. Ол 15 жастағы Малгожаты Квятовсконы зорлап, өлтірді деп айыпталған.

"Жігіт ол кезде 23 жаста болыпты. Енді қазір тергеу ер адамның соттың қателігінен түрмеде жазықсыз отырғанын мойындады", - делінген жарияланымда.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Малгожаты Квятовско 1996 жылы желтоқсанда айуандықпен өлтірілген. Қылмысты тергеу үш жылға созылып, ақыры Томаш Коменда айыпты деп танылған. Алайда, 2016 жылы прокурорлар бұл істі қайта қозғап,  қызды өлтірген М.Иринеус болуы мүмкін екенін 2017 жылы маусымда анықтаған, ол бұған дейін де қыздарды зорлап, түрмеде отыр.

"Сараптамалар қайта жасалып, түрмеде 18 жыл отырған Томаш Коменданың бұл қылмысқа қатысы жоқ екені белгілі болды. Биыл 14 наурызда ол түрмеден шықты", - делінген жарияланымда.

Қыздың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама