Қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын балтамен шауып тастаған

?ыз?анша? к?йеуі ?йеліні? ?олын балтамен шауып таста?ан. О?и?а Ресейді? Серпухов деген ауылында бол?ан. Б?л туралы ІІМ-ні? М?скеу облысты? Бас бас?армасыны? сайтында хабарланды.

Қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын балтамен шауып тастаған. Оқиға Ресейдің Серпухов деген ауылында болған. Бұл туралы ІІМ-нің Мәскеу облыстық Бас басқармасының сайтында хабарланды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 26 жастағы ер адам әйелін көзіне шөп салды деп ойлап, орманға апарған да, балтамен ұрған. Бұдан кейін ер адам келіншегін ауруханаға өзі жеткізіпті. Аурухананың бас дәрігері Александр Мясников науқастың Серпухов ауруанасына "оң және сол буынының ампутациясы" диагнозымен түскенін хабарлады. 

Дәрігерлер құқық қорғау органдарынан шауып тасталған қолдың бөлігін орманнан тауып әкелуді сұраған. Сөйтіп, табылған қолды жалғау бойынша ота 18.50-де басталып, 03.50-де аяқталған. "Оның қолын қосып тігіп бердік, жазылып кетеді деп үміттенеміз", - дейді 26 жастағы келіншекке ота жасаған дәрігерлер. 

Реклама
Реклама

Тергеушілер болса РФ ҚК-нің 111-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша, ер адам 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір ол ұсталған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама