Қызылордада заңсыз аң аулаушылар қолға түсті

© Canal3

Экологиялы? ?ылмыстар мен ???ы? б?зушылы?тарды ескерту, аны?тау ж?не кін?лі т?л?аларды жауапкершілікке тарту ма?сатында ж?ргізілген рейдтік шолу ж?мыстары барысында 3 азамат ??ры?талды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ?ызылорда облысыны? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Экологиялық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту, анықтау және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізілген рейдтік шолу жұмыстары барысында 3 азамат құрықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылғы 21 желтоқсанда сағат 21.40 шамасында Қызылорда ОІІД Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полиция қызметкерлері экологиялық қылмыстарға қарсы жедел жұмыстарды жүргізу барысында "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 12-шақырымында 3 дана қоянның өлі денесін өз автокөліктерінде тасымалдап келе жатқан 3 азаматты ұстады. Автокөлікке қарау жүргізу барысында бір ұңғылы 16-калибрлі аңшы мылтығы, 28 дана оқ, заттай дәлелдеме ретінде алынды. 28 және 38 жас шамасындағы заңсыз аң аулаушылар оқиға орнынан ұсталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводағылар. 

Реклама
Реклама

Егер де ұсталғандардың қылмыстық әрекеті дәлелденсе, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама