Рамзан Қадыров ерекше орден алды

Рамзан Қадыров ерекше орден алды Бейнеден кадр

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров жаңа орденмен марапатталғанын айтты. Бұл туралы ол ресми Telegram-арнасында хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров жаңа орденмен марапатталғанын айтты. Бұл туралы ол ресми Telegram-арнасында хабарлады, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қадыров Цемент өндірушілер одағының атқарушы директоры Дарья Мартынкинамен жұмыс кездесуін өткізген. Тараптар "Чеченцемент" АҚ қуаттылығын жаңғырту мен кеңейтуді, сондай-ақ өңірдегі саланың дамуын талқылаған көрінеді.

"Дарья Мартынкинаның қолынан І дәрежелі "Ресейдің цемент өнеркәсібін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін" орденін алу мен үшін мәртебе болды. Қызметімізге осындай жоғары баға бергені үшін оған алғыс айтамын. Өз тарапымыздан жоспарланған жобалардың сәтті жүзеге асырылуын және саланың алдағы уақытта дамуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерімізді саламыз", - деді ол өз жазбасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, оның ресми Telegram-арнасына екі миллионға жуық пайдаланушы жазылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама