Рамзан Қадыров Сириядан шығарылған қазақстандықтарды көрсетті

Рамзан Қадыров Сириядан шығарылған қазақстандықтарды көрсетті © instagram.com/kadyrov_95

13 ?араша кешкісін Грозный ?аласыны? ?уежайына 40 жолаушысы бар - Сирияны? ?а?ты?ыс болып жат?ан айма?ынан ??т?арыл?ан 12 ?йел мен 29 бала мінген арнайы рейспен жеткен ?ша? ?онды. Оларды? арасында бес адам ?аза?станды?, екеуі - ?збекстан, ал ?ал?аны ресейліктер - Шешенстан, Ингушетия, Да?ыстан мен Баш??ртстаннан, - деп хабарлайды РИА Нововсти

13 қараша кешкісін Грозный қаласының әуежайына 40 жолаушысы бар - Сирияның қақтығыс болып жатқан аймағынан құтқарылған 12 әйел мен 29 бала мінген арнайы рейспен жеткен ұшақ қонды. Олардың арасында бес адам қазақстандық, екеуі - Өзбекстан, ал қалғаны ресейліктер - Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан мен Башқұртстаннан, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі Шешенстан басшысының өкілетті тұлғасы Зиял Сабсаби бұл адамдарды Сирияның түрлі қаласынан жинап әкелгенін айтады. 

Реклама
Реклама

Бұл Сириядан жеткізілген екінші және адам саны көп топ болды. Мұның алдында 21 қазанда Сирияның Хмеймима қаласынан 22 адам: жеті әйел мен 14 бала жеткізілген болатын. Шешенстан үкіметінің сайтындағы ақпарат бойынша, республика басшылығының арқасында тамыз айынан Таяу Шығыстан 90 адамды қайтару мүмкін болған. 

Рамзан Қадыровтың өзі Instagram желісіндегі парақшасы арқылы құтқарылған әйелдер мен балалар "ібліс лаңкестерінің қатарын толтырған" әкелері мен күйеулерінің "қылмыстық ессіздігінен" қақтығыс жүріп жатқан жерлерде қалып қалған деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол мұндай құтқару жұмыстары аса қауіпті жағдайда жүретінін, алайда, Ресей азаматтарын қиын жағдайда тастамайтынын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама