14 қараша 2017 09:57

Рамзан Қадыров Сириядан шығарылған қазақстандықтарды көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/kadyrov_95 © instagram.com/kadyrov_95

13 қараша кешкісін Грозный қаласының әуежайына 40 жолаушысы бар - Сирияның қақтығыс болып жатқан аймағынан құтқарылған 12 әйел мен 29 бала мінген арнайы рейспен жеткен ұшақ қонды. Олардың арасында бес адам қазақстандық, екеуі - Өзбекстан, ал қалғаны ресейліктер - Шешенстан, Ингушетия, Дағыстан мен Башқұртстаннан, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдеріндегі Шешенстан басшысының өкілетті тұлғасы Зиял Сабсаби бұл адамдарды Сирияның түрлі қаласынан жинап әкелгенін айтады. 

Бұл Сириядан жеткізілген екінші және адам саны көп топ болды. Мұның алдында 21 қазанда Сирияның Хмеймима қаласынан 22 адам: жеті әйел мен 14 бала жеткізілген болатын. Шешенстан үкіметінің сайтындағы ақпарат бойынша, республика басшылығының арқасында тамыз айынан Таяу Шығыстан 90 адамды қайтару мүмкін болған. 

Рамзан Қадыровтың өзі Instagram желісіндегі парақшасы арқылы құтқарылған әйелдер мен балалар "ібліс лаңкестерінің қатарын толтырған" әкелері мен күйеулерінің "қылмыстық ессіздігінен" қақтығыс жүріп жатқан жерлерде қалып қалған деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол мұндай құтқару жұмыстары аса қауіпті жағдайда жүретінін, алайда, Ресей азаматтарын қиын жағдайда тастамайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети