08 желтоқсан 2017 | 10:59

Рамзан Қадыровтың қызы эротикалық киім мен интим заттар дүкенін ашқаны рас па?

Рамзан Қадыров қызы Айшатпен. © rt.com

Ресейлік БАҚ-та Рамзан Қадыровтың қызы эротикалық іш киім бутигін ашты деген хабар тарады. Осыған байланысты Шешенстан билігі ресми пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды РИА Нововсти

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік БАҚ-та Рамзан Қадыровтың қызы эротикалық іш киім бутигін ашты деген хабар тарады. Осыған байланысты Шешенстан билігі ресми пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды РИА Нововсти

Кеше Русская служба ВВС агенттігі Firdaws сән үінің иесі Айшат Қадырованың Грозный қаласында "эротикалық әйелдер киімі мен интим заттары дүкенін ашты" деп хабар таратқан. 

Реклама
Реклама

Осыған байланысты Шешенсатнның ұлттық саясат министрі Джамбулат Умаров бұл ақпарды жала деп атады. 

"Рамзан Қадыровтың қызына бұл жаланы жапқандар жазасыз қалады деп ойлайтындардың бетіне күлгім келеді. Біздің ұлттық көшбасшымыздың отбасына оқталу, халқымыздың ар-ожданы мен мүддесіне оқталумен бірдей. Әрбір шешен арына қауіп төнсе жанын аямайды", - дейді Умаров. 

"Бұл қорқыту емес, ескерту", - деп атап өтіт ол. 

18 жастағы Айшат Қадырова әйелдердің мұсылманша киімінің дизайнері. 2017 жылдың қазанында Мәскеуде оның "Тау маржаны" атты топтамасының көрсетілімі өткен. Сол кезде ресейлік шоу-бизнес өкілдерінің көпшілігі сәнді киімдерге тамсанып, ашық киімдерден бас тартып, оранып жүруге бет бұруға дайын екені хабарланған. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная