Рамзан Қадыров Иракта құтқарылған алты қазақстандық жайлы айтып берді

Шешенстан басшысы Рамзан ?адыров гуманитарлы? операция аясында Иракты? Таль-Афар ?аласынан алты ресейлік пен алты ?аза?станды? азаматты? эвакуациялан?анын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров гуманитарлық операция аясында Ирактың Таль-Афар қаласынан алты ресейлік пен алты қазақстандық азаматтың эвакуацияланғанын айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Иракта жүргізілген гуманитарлық операцияның кезекті кезеңінде Ресей мен ТМД елдерінің азаматтары құтқарылды. Операцияны ұйымдастыру үшін Иракка Таяу Шығыс пен Солтүстік Америкадағы Шешенстан өкілдерін және сенатор Зияд Сабсабиді жібердім. Жақында Таль-Афар қаласын босатып, 12 адамды қауіпсіз жерге көшірдік. Олардың арасында Ресей мен Қазақстан азаматтары бар", - деп жазды Рамзан Қадыров Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол тағы да ресейлік алты азаматтың Иракта екенін айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Әзірше біз операцияның мән-жайын айтып бере алмаймыз. Себебі ол сонда жүрген азаматтардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Бір ғана мәліметті айта аламын, Ресейдің тағы алты азаматы сол жақта жүр, олар менен көмек сұрады. Сабсаби изоляторлардың бірінде олармен кездесе алды. Жағдайлары қиын. Бірақ біз жедел түрде осы мәселені шешуге тырысып жатырмыз", - деді Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Қадыровтың айтуынша, адамдарды босату операциясына Ирактың арнайы қызметіндегілер мен құқық қорғау органдары қатысып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама