Ресей арақты қымбаттатып жатыр

© amic.ru

Ресей ?кіметі кезекті рет ара? ба?асын к?терді, - деп хабарлайды РИА Новости

Ресей үкіметі кезекті рет арақ бағасын көтерді, - деп хабарлайды РИА Новости

Ел үкіметі 0,5 литрлік бір шөлмек арақ бағасын 205 рубль деп бекітті. Жарлық Әділет министрлігіне жолданды. 

Бұл - нарықтағы арзан контрафактпен күресуге бағытталған шара. 

Реклама
Реклама

Қаңтар айының басында елдің Қаржы министрлігі бөлшек бағаны 15 пайызға (219 рубльге дейін) көтеруді ұсынған, алайда, соңынан 205 рубль болып бекітілді.

Наурызда Ресей қаржы министрлігі салық және кедендік саясат департаментінің басшысы Алексей Сазанов арақтың бөлшек бағасын автоматты түрде өзгертетін механизм даярлап жатқанын мәлімдеген еді. Механизм бірнеше көрсеткішті ескеретін болады: акциз, өндірушінің, көтерме және бөлшек сауда жасаушылардың қосқан бағасын. Бұл бастама Алкоголь нарығын реттеу бойынша федералды қызметінде талқыланып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама