Ресей ДАИШ нысандарына жойқын соққы жасады

Қорғаныс министрлігі YouTube каналы

Ресей әскерилері Сирия жеріндегі ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) ұйымының лаңкестерінің позицияларына әуеден соққы жасады. Дүйсенбіде, 8 тамызда көрші елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ресейден Ту-22М3 алты бомбалаушы ұшақтар ұшып шығып, Пальмирадан шығыс және солтүстік-батысқа қарай Эс-Сухне және Арак елді мекендеріне жарқыншақ-фугас бомбаларын тастады.

Ұшақтар лаңкестердің басқару пункті мен үлкен далалық лагерін талқандады. "Пальмира және Арак аудандарында басқару пункті мен лаңкестер шоғырланған жерлер, қару-жарақ жасырынған жертөлелер қоймасы, құрлық әскеріне арналған әскери көліктер, 12 ірі калибрлі пулемет орнатылған жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктер, қарсылас жақтың лаңкестерінің көп мөлшерде көзі жойылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Қорғаныс министрлігі YouTube арнасында ДАИШ нысандарына жасалған соққының видеосын жариялады.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама