ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 09 тамыз 2016 09:59
Ресей ДАИШ нысандарына жойқын соққы жасады
Ресей әскерилері Сирия жеріндегі ДАИШ (Қазақстанда қызметіне тиым салынған террористік ұйым) ұйымының лаңкестерінің позицияларына әуеден соққы жасады. Дүйсенбіде, 8 тамызда көрші елдің қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ресейден Ту-22М3 алты бомбалаушы ұшақтар ұшып шығып, Пальмирадан шығыс және солтүстік-батысқа қарай Эс-Сухне және Арак елді мекендеріне жарқыншақ-фугас бомбаларын тастады.
Ұшақтар лаңкестердің басқару пункті мен үлкен далалық лагерін талқандады. "Пальмира және Арак аудандарында басқару пункті мен лаңкестер шоғырланған жерлер, қару-жарақ жасырынған жертөлелер қоймасы, құрлық әскеріне арналған әскери көліктер, 12 ірі калибрлі пулемет орнатылған жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөліктер, қарсылас жақтың лаңкестерінің көп мөлшерде көзі жойылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қорғаныс министрлігі YouTube арнасында ДАИШ нысандарына жасалған соққының видеосын жариялады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу