Ресей елшісіне жасалған қастандық түсірілген тағы бір видео пайда болды

© АҒР

Желіде Анкарада ресейлік Андрей Карловты? ?лімінен бір минут б?рын т?сірілген жа?а видеосы пайда болды. Видеода шабуылдаушыны? дипломат?а шабуыл жасау?а дайындалып т?р?анын к?руге болады.  

Желіде Анкарада ресейлік Андрей Карловтың өлімінен бір минут бұрын түсірілген жаңа видеосы пайда болды. Видеода шабуылдаушының дипломатқа шабуыл жасауға дайындалып тұрғанын көруге болады.  

Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. Қастандық 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл шараны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан.

Реклама
Реклама

Ресей СІМ өкілдері Түркиядағы елшінің қастандықтан қаза болғанын растады. "Бүгін Ресей Федерациясының тарихында қасіретті күн. Анкарада бүгін қоғамдық іс-шарада Ресей Федерациясының елшісі Андрей Карловқа қастандық жасалып, ол қаза тапты", - деп хабарлады Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.

Ол Андрей Карлов қаза тапқан Анкарада болған оқиғаны террористік акт деп атады. "Оқиғаны террористік акт деп танимыз. Түрік ресми өкілдерімен байланыстамыз, олардан жан-жақты тергеу жүргізілетіні жайлы хабар алдық", - деді СІМ өкілі.

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты өлтірген түрік полицейі Мевлют Мерт Алтынташ осыған дейін Анкарадағы Ресей Федерациясының елшілігін күзеткен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Мевлют Мерт Алтынташ Ресей елшілігінің күзетінде жүрген. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама