ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 сәуір 2014 12:24
Ресей ешқандай елге аннексия жасамайды - РФ ЕО жанындағы тұрақты өкілі
Сәрсенбі күні Ресей Федерациясының Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі Владимир Чижов Ресейдің Украинаның шығыс бөлігін бақылауға алуы, негізінен айыруы мүмкін деген қауіпке қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлады.
"Жоқ. Ресейдің қайда болмасын әскери килігуге, аннексия немесе күшпен басып кіру жоспары жоқ. Бұл Украинаға да, басқа да елдерге қатысты",- деді ол CNN арнасына ағылшынша берген сұхбатында.
Молдаван жетекшілерінің Приднестровьенің РФ қосылуына алаңдаушылық білдіруне қатысты тележүргізушінің айтқан пікіріне Чижов: "Мұндай үрей жұқпалы болады. Ресей Приднестровьені немесе әлемнің басқа елдерінің аумағын өзіне қоспайды".
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу