"Ресей мен Трамп келісіп алған" дегенге сенбеймін - Порошенко

"Ресей мен Трамп келісіп алған" дегенге сенбеймін - Порошенко © РИА Новости

Украина президенті Петр Порошенко "А?Ш президенті Дональд Трамп Ресеймен келісіп ал?ан" дегенге сенбейтінін айтты, - деп жазады РИА Новости.

Украина президенті Петр Порошенко "АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен келісіп алған" дегенге сенбейтінін айтты, - деп жазады РИА Новости.

Порошенко АҚШ-қа сапары барысында Трамппен кездесіп, кейіннен Америка президентімен өткен кездесуде егжей-тегжейлі әңгімелескендерін айтты.  "Ол Ресеймен ерекше қарым-қатынасы бар президентке ұқсамайды", - деді Украина президенті Fox News басылымына берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін Американың арнайы қызметіндегілер Ресейді АҚШ демократиялық партия Ұлттық комитетінің компьютерлерін бұзды деп айыптаған болатын. Осы негізде олар ресейлік тарап сайлауға килігіп жатыр деген шешімге келді. Қазіргі уақытта бұл іспен Федералдық тергеу бюросы мен Конгрестің екі палатасы айналысып жатыр. Ал Ресей бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұны "құрғақ дәлелсіз айыптаулар" деп атады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама