Ресейде апатқа ұшыраған қазақстандық автобуста Өзбекстан азаматтары болған

© 33.mchs.gov.ru

Ресейді? Владимир облысында жол апатына ?шыра?ан ?аза?станды? автобус ?збекстан т?р?ындарын тасымалда?ан, - деп хабарлайды РИА Новости. Б?л туралы облыс губернаторыны? баспас?з хатшысы Рита Шляхова айтты.

Ресейдің Владимир облысында жол апатына ұшыраған қазақстандық автобус Өзбекстан тұрғындарын тасымалдаған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы облыс губернаторының баспасөз хатшысы Рита Шляхова айтты.

"Қазақстандық автобуста Өзбекстан азаматтары болған", - деп хабарлады Рита Шляхова.

Еске сала кетейік, Владимир облысында жұмаға қараған түні автобус пен пойыз соғысқан болатын. Соңғы мәліметтерге қарағнада, жол апатынан 17 адам қаза болды. ІІМ мәліметінше, автобус бағдаршамның қызыл түсіне жүрген. Өңірлік ТЖМ өкілдері қазақстандық автобус болғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқаны айтылады. Оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама