Ресейде Facebook бұғатталуы мүмкін

© unsplash.com

Facebook компаниясы Ресей аума?ында ресейліктерге ?атысты жеке м?ліметтерді са?тау туралы за?ны? талаптарын орындамайтын болса, Facebook б??атталады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Facebook компаниясы Ресей аумағында ресейліктерге қатысты жеке мәліметтерді сақтау туралы заңның талаптарын орындамайтын болса, Facebook бұғатталады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Заң барлығына бірдей, сондықтан біз міндетті түрде заңды орындатамыз немесе бұл компания, өкінішке қарай, LinkedIn сияқты Ресей Федерациясы аумағында жұмысын тоқтатады", - деді Ресей коммуникациясын тексеру қызметінің басшысы Александр Жаров.

Сондай-ақ, Александр Жаров Facebook желісін Ресей аумағындағы қолданушылардың біраз бөлігі қолданатынын айтып өтті. Бірақ, айтуынша, Facebook жалғыз сервис түрі емес, басқа да әлеуметтік желілерді қолдануға болады.

Реклама
Реклама

"Сондықтан да біз Facebook компаниясына 242-ші заңды орындатқызамыз", - деді Александр Жаров.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама