Ресейде кезек күтіп қалған жігіт дәрігерді айуандықпен ұрып-соқты

© L!FE

Ресейде кезек к?тіп ?ал?ан жігіт д?рігерді айуанды?пен ?рып-со?ты. О?и?а М?скеу т?біндегі Орехово-Зуево ?алалы? ауруханасында бол?ан. Б?л туралы L!FE жазды.

Ресейде кезек күтіп қалған жігіт дәрігерді айуандықпен ұрып-соқты. Оқиға Мәскеу түбіндегі Орехово-Зуево қалалық ауруханасында болған. Бұл туралы L!FE жазды.

Алдын ала мәлімет бойынша, науқастардың бірінің туысы ұзақ уақыт бойы кезек күтіп қалғандықтан дәрігерге шабуыл жасаған. Куәгерлер ашулы ер адамның жерде жатқан дәрігердің бетіне бірнеше рет жұдырықпен соққы жасағанын видеоға түсіріп алған. Кадр сыртында ашуланған ер адамды сабасына түсіргісі келген әйелдің даусы шығады. 

Айта кетейік, 30 тамызда кешкі уақытта полиция ер адамды ұстаған болатын. Сөйтсе, ол өз қарындасын тексерілуге әкеліпті. Алайда ол дәрігерді қасақана ұзақ уақыт бойы қарамай жүрді деп айыптап, соққының астына алған. 

Реклама
Реклама

Ал кейін полиция Орехово-Зуевоның 28 жастағы тұрғынын босатыпты. Одан полиция тек жауап алып қана қойыпты. Ал дәрігер жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Оның қолы, жағы және қабырғалары сыныпты.

Ескерту! Видеода зорлық-зомбылық көріністер бар және оны 18 жасқа толмағандарға көруге тыйым салынған!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама