Ресейде мас ер адам көпқабатты үйдің терезесінен үш жасар баланы лақтырып жіберді

Ресейдің Красноярск қаласында мас ер адам 3 жасар баланы төртінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен лақтырып жіберген, - деп хабарлайды ТВК өңірдегі Тергеу комитетіне сілтеме жасап.

30 шілде күні әйел адам 3 жасар баласымен үйінде болған. Оларға 29 жастағы ер адам мен әйел адам қонаққа келген. 

Үй иесімен қонақтар ішімдік ішіп отырған, ал бала бөлмеде ойнап отырған. Баланың анасы жуынатын бөлмеге шығып кеткен уақытта, ер адам қолына баланы алып, балконға шығарып төмен қарай лақтырып жіберген.

Реклама
Реклама

Құлаған кезде бала ауыр жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген.

"Өзінің әрекетін ер адам түсіндіре алмады, себебі қатты мас болған. Қазіргі кезде ер адам ұсталған, және оған қамалу бұлтартпау шаралары кесілді. Қылмыстың жасалуына байланысты барлық жағдайлар анықталуда", - деді ведомстводағылар.

Осы іс бойынша РФ өңірдегі Тергеу комитеті қылмыстық істі РФ ҚК-нің 105-бабы бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды өлтіруге оқталу") қозғаған.

Қылмыстық істің тергеу жұмыстары жалғасуда.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама