Ресейде Ми-8 тікұшағы құлады: 18 адам қаза тапты

Ресейде Ми-8 тікұшағы құлады: 18 адам қаза тапты © РИА Новости / Максим Блинов

Ресейдің Краснояр өңірінде Ми-8 тікұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости өңірлік жедел қызмет ету ведомствосындағы дереккөзге сілтеме жасап. 

"Әуе кемесінің бортында 18 адам болған, оның ішінде үшеуі экипаж мүшесі. Барлығыда қайтыс болды", - деді агенттік сұхбаттасушысы. Оның айтуынша, тікұшақта "Анкор" компаниясының қызметкерлері болған. 

Дереккөз мәліметінше, Ми-8 тікұшағы құламастан бұрын екі шақырым ұшқан. Әуе кемесі адамдар шоғырланбаған жерге құлап, өртеніп кеткен. "Тікұшақтың қайда құлағаны анықталды", - деді сұхбаттасушы. 

Реклама
Реклама

Әуе апатына, алдын ала болжам бойынша техникалық ақау немесе ұшқыштың қателігі себеп болуы мүмкін. 

ТЖМ МБ мәліметінше, әуе апаты жергілікті уақыт бойынша 10:20-да (Астана уақыты бойынша 09:20-да) Игарка елдімекенінен екі шақырым жерде болған. 

Осы дерекке қатысты, көлікт прокуратурасы тексеріс жүргізіп жатыр. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама