Ресейде Қазақстан азаматы пойызда ұйықтап жатқан әйелдің 700 мың теңгелік алтынын ұрлап кеткен

© 123 rf.com

Новосібірде жалпы сомасы 700 мы? те?геден асатын алтын ?рлады деген к?дікпен ?аза?стан азаматы ?сталды, - деп хабарлайды "Новосибирские новости" басылымы. Енді ?аза?станды? бес жыл?а дейін бас бостанды?ынан айырылуы м?мкін.

Новосібірде жалпы сомасы 700 мың теңгеден асатын алтын ұрлады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды, - деп хабарлайды "Новосибирские новости" басылымы. Енді қазақстандық бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ішінде 131 мың рубль тұратын (шамамен 707 мың теңге) алтын мен құжаттары бар сөмке Северобайкальск - Мәскеу пойызында жоғалған. Күдікті 30 жастағы ер адам болып шықты. Сондай-ақ, осыған дейін бірнеше рет сотты болған ер адамның Красноярскіден Новосібірге бара жатқаны анықталды. 

"Бағалы заттарды ұрлап кеткен ер адам ломбардқа барған. Ұрланған алтынды өткізіп, 16 мың рубль алған. Содан алған ақшаны барынша жаратып, қалада қыдырып жүрген", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта қазақстандыққа қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша ("Ұрлық") қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама