Ресейде төртінші сынып оқушысы өзімен жасты баланың тамағына қайшы сұғып алған

© vse42.ru

Ресейді? Кемеров ?аласында?ы № 84 мектепті? т?ртінші сынып о?ушысы ?атар сыныпта о?итын ?зімен жасты баланы? тама?ына ?айшы ?р?ан, - деп хабарлайды жергілікті БА?.

Ресейдің Кемеров қаласындағы № 84 мектептің төртінші сынып оқушысы қатар сыныпта оқитын өзімен жасты баланың тамағына қайшы ұрған, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Зардап шеккен баланың анасы Vse42.ru порталына берген сұхбатында ұлының досы кешкі алты шамасында қоңырау шалып, мектеп жанындағы жұмыс орнынан баратынын және келеңсіз жайттың болғанын айтқан. 

"Ұлымды көрген кезде оның үсті - қолы, мойны, күртешесінің бір бөлігі қан еді. Мен такси шақыртып, травматология пунктіне бардық", - дейді Александра. 

Реклама
Реклама

Медициналық орталықта балаға алғашқы көмек көрсетіліп, көпсалалы балалар ауруханасына жіберілген. Онда дәрігерлер қажетті көмек көрсеткен.  


© vse42.ru

Осыдан кейін, әйел адам полицияға барып арыз берген. Осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Еске салайық, осыған дейін Кемеров мектептерінің бірінде 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы қызды пышақпен жаралаған еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама