ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 21 шілде 2016 09:31
Ресейде троллейбусқа найзағай түсіп, өртеніп кетті
Петрозаводскте троллейбусқа найзағай түсіп, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Lenta.ru. Өрт қала орталығында 20 шілдеде кешкі уақытта болған. Бұл кезде жаңбыр жауып тұрған.
"Городской транспорт" кәсіпорнының директоры Максим Луньковтың айтуынша, өрт найзағайдан шыққан, ол троллейбустың алдыңғы жағына түсіпті.
Ол жүргізушінің де, кондуктордың да зардап шекпегенін айтты. Троллейбус жұмысын аяқтап, тұраққа бос бара жатқан.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу