Ресейде үш жыл іздеуде болған баланың денесі мектеп ауласынан табылған

© ren.tv

Ресейді? Краснояр айма?ында ?ш жыл б?рын жо?алып кеткен о?ушыны? денесі мектеп ма?ынан табылды. ?л баланы? денесі мектеп жанында?ы ?ртке ?арсы су жиналатын резервуарды? ішінде жат?ан, - деп хабарлайды РЕН ТВ

Ресейдің Краснояр аймағында үш жыл бұрын жоғалып кеткен оқушының денесі мектеп маңынан табылды. Ұл баланың денесі мектеп жанындағы өртке қарсы су жиналатын резервуардың ішінде жатқан, - деп хабарлайды РЕН ТВ

9 жастағы Константин Черновтың денесі 15 наурызда табылды. Бала үш жыл бойы іздеуде болған. 2014 жылдың желтоқсанында сағат 15:00 кездерінде мектептен шыққан 2 сынып оқушысы үйіне сол күйі бармаған. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. 

Реклама
Реклама

Баланың жеке басын нақты анықтау үшін оның денесі молекулярлық-генетикалық сараптамаға жіберілді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама