ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 ақпан 2017 23:35
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қайтыс болды
Ресейдің Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин 20 ақпанда Нью-Йорк қаласында қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
"Ресей Сыртқы істер министрлі азалы түрде хабарлайды, 20 ақпанда, өзінің 65 жасқа толуына бір күн қалғанда, Нью-Йорк қаласында Ресей Федерациясының БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин кенеттен қайтыс болды. Бір туар ресейлік дипломат жұмыс орнында өмірден озды. Виталий Иванович Чуркиннің туыстарымен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу