ПОДЕЛИТЬСЯ
16 наурыз 2022 | 09:00
Ресей АҚШ пен Канаданың бірнеше саясаткеріне қарсы санкция салды
Ресей АҚШ президенті Джо Байденге және АҚШ-тың басқа да жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы жеке шектеулер енгізді. Сондай-ақ, Ресей Канаданың 313 азаматын санкция тізіміне қосты. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей АҚШ президенті Джо Байденге және АҚШ-тың басқа да жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы жеке шектеулер енгізді. Сондай-ақ, Ресей Канаданың 313 азаматын санкция тізіміне қосты. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Министрлік мұндай шешім АҚШ-тың қазіргі басшылығының бағытына қарсы реакция екенін атап өтті.
"Ресей Федерациясының жоғары лауазымды тұлғаларына АҚШ-қа кіруге тыйым салатын бірқатар бұрын-соңды болмаған санкцияларға жауап ретінде 15 наурыздан бастап президент Джо Байден Ресейдің "тізіміне" қосылды (...), сондай-ақ бірқатар ведомство басшылары мен белгілі америкалық қайраткерлер", - деді ведомство өкілдері.
Жақын арада Ресей тарапынан санкциялар тізімін кеңейту туралы жаңа хабарландырулар болатыны айтылған. Оның құрамына АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалары, әскерилері, заң шығарушылары, кәсіпкерлері, сарапшылары және "русофобия көзқарасы бар немесе Ресейге өшпенділік тудыруға ықпал ететін" БАҚ өкілдері кіреді.
"Қарсы санкциялар Үкіметтің Ресей экономикасын және оның тұрақты дамуын қорғау туралы шешімдерімен қатар қабылданады", - деп толықтырды департамент өкілдері.
Қарсы санкция тізіміне енгендер:
1. Джозеф Байден;
2. Энтони Блинкен - АҚШ Мемлекеттік хатшысы;
3. Ллойд Остин - АҚШ Қорғаныс министрі;
4. Марк Милли - Штаб басшылары біріккен комитетінің төрағасы;
5. Джейкоб Салливан - АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі;
6. Уильям Бернс - ЦРУ директоры;
7. Дженнифер Псаки - Ақ үй хатшысы;
8. Далип Сингх - АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары;
9. Саманта Пауэр - Халықаралық даму агенттігінің директоры;
10. Хантер Байден - АҚШ президентінің ұлы;
11. Хиллари Клинтон - АҚШ президенттігіне бұрынғы кандидат;
12. Адевейл Адейемо - қаржы министрінің бірінші орынбасары;
13. Рета Джо Льюис - экспорт-импорт банкінің президенті және директорлар кеңесінің төрағасы.
Сондай-ақ, Ресей Канаданың 313 азаматын санкциялық тізімге енгізді, оның ішінде Канада үкіметі, Сыртқы істер министрлігі және Қорғаныс министрлігінің басшылары бар.
Осылайша, 15 наурыздан бастап Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынған адамдардың қара тізіміне премьер-министр Джастин Трюдо, сыртқы істер және ұлттық қорғаныс министрлері Мелани Джоли мен Анита Ананд енгізілді. Канаданың қауымдар палатасының бірқатар мүшесіне де тыйым салынған.
Тізімге Канаданың халықаралық сауда министрі Мэри Анг, қоғамдық қауіпсіздік министрі Марко Мендицино, инновациялар және ғылым министрі Франсуа-Филипп Шампань, Қоғамдық даму министрлігінің басшысы Карина Гулд және елдің басқа да жоғары лауазымды тұлғалары енгізілген.
Ресей Сыртқы істер министрлігі бұл шаралар "Оттаваның қызбалықпен енгізген барлық жаңа санкциясына" жауап ретінде енгізіліп жатқанын атап өтті.
Ресей Сыртқы істер министрлігі елге кіруге тыйым салу туралы шешім мәжбүрлі сипатта және "қазіргі канадалық режимнің әдептілік шеңберінен шығатын дұшпандық әрекеттеріне" жауап ретінде қабылданғанын атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также