14 наурыз 2022 | 16:40

Ресей әрекеттері жаңа әлемдік тәртіп құру қажет екенін көрсетті - Жапония премьері

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Ресейдің Украинадағы әрекеті жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру қажет екенін көрсеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Mainichi басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапония премьер-министрі Фумио Кисида Ресейдің Украинадағы әрекеті жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру қажет екенін көрсеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Mainichi басылымына сілтеме жасап.

Жапон үкіметі басшысының айтуынша, мұның қажеттілігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі саналатын "Ресейдің агрессив әрекеттерінен" туындап отыр.

"Халықаралық қоғамдастықта бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда орасан зор жауапкершілік жүктелген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі Ресейдің агрессив әрекеттері жаңа әлемдік тәртіпті құру қажеттілігін көрсетеді", - деді премьер-министр.

Реклама
Реклама

Саясаткер Жапония БҰҰ-ның осы органын реформалауды, атап айтқанда, вето құқығы иелерін қайта қарауды бұрыннан қолдағанын еске салды.

"Қауіпсіздік кеңесін реформалау, оның ішінде вето құқығы мәселесі оңай мәселе емес, бірақ осы мәселе бойынша талқылауды жалғастыру үшін басқа елдермен ынтымақтастықты жалғастырғымыз келеді", - деді Кисида.

Бұған дейін Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы санкциялар салатынын хабарлаған болатын. Билік әскери өнеркәсіппен байланысты ресейлік ұйымдарға жартылай өткізгіштерді экспорттауға шектеулер қояды. Сондай-ақ, ресейліктердің қаржысы бұғатталып, виза беруге тыйым салынады. Бұған қоса, Жапония Беларусь үкіметінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қарсы санкциялар салу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная