ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қаңтар 2020 | 16:49
Ресей Беларуське мұнай жеткізуді тоқтатты
Ресей Беларуське мұнай жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы РИА Новости басылымына республикадағы мұнай саласындағы дереккөз хабарлаған.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей Беларуське мұнай жеткізуді тоқтатты. Бұл туралы РИА Новости басылымына республикадағы мұнай саласындағы дереккөз хабарлаған.
"Беларусь мұнай өңдеу зауыттары бағытында тасымалданып жатқан жоқ", - деді ол.
Оның айтуынша, 1 қаңтардан бастап мұнай жеткізу тоқтаған, ал "үздіксіз партиялар" 31 желтоқсанда таусылған. Соған қарамастан Беларусьте мұнай қоры әзірге жеткілікті және МӨЗ штаттық режимде жұмыс жасап жатыр.
"Белнефтехим" концерннің өкілі мұнай жеткізу тоқтағанын растады, МӨЗ жүктемесі технологиялық минимумаға дейін төмендетілген.
Беларусьте екі мұнай өңдеу зауыты бар - Мозырде ("Мозыр МӨЗ" ААҚ) және Новополцкіде ("Нафтан" ААҚ).
Айта кетейік, 31 желтоқсанда Ресей мен Беларусь жанармай жеткізу бойынша келісімге келе алмағаны айтылды. Осыдан кейін республика президенті Александр Лукашенко мұнай жеткізу бойынша Минск Мәскеумен келіссөздерді тоқтатып, басқа жерлерден жанармай дереккөздерін іздейтінін айтты.
Показать комментарии
Читайте также