Ресей бізден айырылып қалудан қорқады - Лукашенко

Фото: Scanpix/TASS

Беларусь президенті Александр Лукашенко билікке кім келсе де Ресеймен одақтас ел болып қала беретінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

Беларусь президенті Александр Лукашенко билікке кім келсе де Ресеймен одақтас ел болып қала беретінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ресей екі елдің билігіне кім келсе де бізбен жақын одақтас ел болып қала бермек. Бұл біздің халықтарымыздың түп тамырында терең жатқан фактор. Біздің бауырластық қарым-қатынасымыз серіктестікке ауысқанына қарамастан солай болады. 

"Ресей бізден айырылып қалудан қорқады, себебі бізден басқа жақын одақтасы қалмады. Батыс та бізге қызығушылық таныта бастады. Қытай да өзінің досының тұрақтылығына сенеді", - дейді Лукашенко. 

Реклама
Реклама

Одан бөлек, Лукашенко әлем тұрақсыз болып бара жатқанын айтады. 

"Бізге белгілісі әлем тұрақсызданып барады. Қаншалықты тұрақсыз болғанын ешкім болжай алмайды. Соңғы он жылдағы мемлекеттер арасындағы қарсыластықтар қақтығыстарға ұласып барады. Соңғы уақыттары маңызды халықаралық мәселелердің біреуі де шешілген жоқ", - дейді Беларусь президенті.  

Еске салайық, Беларусьтегі президент сайлуы 9 тамызда өтеді. Жалпы алты үміткер бар. Лукашенко осымен алтыншы рет сайлауға түсіп жатыр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама