02 маусым 2022 | 07:04

Ресей жартылай өткізгіштерді өндіретін негізгі газ экспортын шектеді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото: ©РИА Новости

Ресей Үкіметтің бекітілген қаулысына сәйкес, жыл соңына дейін инертті газдарды, оның ішінде гелийй, неон, аргонды экспорттауды шектеді, - деп хабарлайды "Известия".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресей Үкіметтің бекітілген қаулысына сәйкес, жыл соңына дейін инертті газдарды, оның ішінде гелийй, неон, аргонды экспорттауды шектеді, - деп хабарлайды "Известия".

Басылым мәліметінше, мұндай газдар жартылай өткізгіштерді өндіру үшін пайдаланылады, сондай-ақ, микросұлбаларды жасау үшін қолданылады. Ал Ресей неонның 30 пайызын әлемдік тұтынудан қамтамасыз етеді. 

"Ресей өзіне достық қарым-қатынас танытпайтын елдерге олардың импортқа тәуелділігі туралы еске салуға шешім қабылдады. Енді ресейлік Индустрия және сауда министрлігі неонға, криптонға, ксенонға - жартылай өткізгіштерді өндіруге арналған негізгі және маңызды газдарға кім қол жеткізе алатынын анықтайды, олардың 30 пайыздан астамы әлемдік нарықта біздің елге тиесілі", - деді Үкіметтің қаржы-экономикалық блогындағы ақпарат көзі.

Реклама
Реклама

Индустрия және сауда министрлігі аталған газдарды экспорттау бойынша шешім қабылдау кезінде қол жеткізілген келісімдерді ескеретінін растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная