ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2020 | 09:45
Ресей Қырғызстанға қаржылай көмек көрсетуді тоқтатты - БАҚ
Ресей Федерациясы саяси жағдай тұрақталып, мемлекеттік органдардың қызметі қалпына келгенге дейін Қырғыз Республикасына қаржылай қолдау көрсетуді тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды РБК.

Басылымның мәліметінше, Ресейдің Қаржы министрлігі Қырғызстандағы қазіргі жағдайды ескере отырып, осындай шешім қабылдаған.
Еске салайық, 2019 жылы Ресей Қырғызстанға 30 миллион доллар қайтарымсыз берген болатын.
Дереккөз мәліметінше, 2005 жылдан бастап Ресей 700 миллион доллардан аса қарызын алып тастады. Ал 2018 жылдың ақпанында қарыз толық есептен шығарылды.
Еске салайық, 5 қазанда Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламент сайлауының нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шыққан болатын. Олармен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталды.
Жээнбеков премьердің талабы бойынша отставкаға кетуден бас тартты
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также